Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ақындар мүшәйрасы қашықтан ұйымдастырылды

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының студенттері арасында жас ақындар мүшәйрасының онлайн қорытындысы өтті. Шараға оқытушылар мен студенттер қатысты.

Мүшәйраның басты мақсаты – адамзаттың фашизмге қарсы ерлік күресімен жастарды қанықтыру, Отан тарихынан сыр шерту, соғыс ардагерлерінің ерліктерін жырлау, жастардың патриоттық сезімін ояту, тәуелсіздікті қастерлеу, сондай-ақ жас ақындарға қолдау білдіру.

Мүшәйраға кафедра меңгерушісі Сәкен Қасенов, кафедра магистранты  Дәулетберді Жекей, халықаралық мүшәйралардың жүлдегері, кафедраның 4-курс студенті Алтынғадыс Күнтуғанұлы, республикалық мүшәйралар мен айтыстардың жүлдегері, 4-курс студенті Естай Жаңабай төрелік етті.

Бір ай көлемінде қазылар қоржынына кафедра студенттерінен көптеген өлеңдер түсіп, нәтижесінде жеті өлең іріктеліп алынды. Солардың ішінде бас жүлдені қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс студенті Данияр Зайнелов, 1-орынды қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс студенті Айтолқын Болат, 2-орынды қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс студенті Данагүл Әбдікәрімова, 3-орынды журналистика мамандығының 1-курс студенті Тілеубай Мұхамед иеленді.

Сонымен қатар, Қасым Қайсенов, Төлеген Тоқтаров, Әзілхан Нұршайықов атындағы ынталандыру жүлделері журналистика мамандығының 1-курс студенті Замира Сүлейменоваға, дайындық бөлімінің тыңдаушысы Төлеген Баянханұлына,  қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс студенті Шағала Төлеубекке табысталды.

Мүшәйра жеңімпаздары мен қатысушыларына шығармашылық табыс тілейміз!

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo