- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
1 наурыз Қазақстандағы алғыс айту күніне орайластырылып, "Алтайтану" ҒЗО-ның аудиториясында "Тарих" мамандығының 2 және 3 курс, "Халықаралық қатынастар" мамандығының 2 курс студенттерінің қатысуымен "Бір ел - бір тағдыр" дөңгелек үстелі өкізілді.
Аталмыш шараның мақсаты - ел тарихындағы қиыншылық кезеңдеріндегі оқиғаларды сараптай отырып, студенттерді адамгершілік ізгілікке тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар - Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлы пәндер кафедрасының оқытушысы Қалимолдина Жаннета Амангелдіқызы және "Алтайтану" ҒЗО-ның аға ғылыми қызметкері Аубакирова Асем Жунисхановна.
"Алтайтану" ҒЗО