Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Алтай мемлекеттік университетінің студенттері үшін экскурсия өтті

АлтМУ (Ресей) студенттері мен оқытушылары делегациясының сапары аясында ШҚМУ-да экскурсия ұйымдастырылды. Ресейлік студенттер «ALTAI JASTARY» телестудиясында да болды.

Экскурсияны стратегиялық даму және ғылым жұмыс жөніндегі проректор Ирина Владимировна Ровнякова жүргізді.

Олар, сондай-ақ, «Назарбаевтану», «Зияткер», «Рухани Жаңғыру», Криминологиялық орталықтарында, білім мұражайында болды.

Медиаорталықта студенттер өздерін сұхбат алушы ретінде сынап көре алды. Олар проректордан университеттің жұмысы, халықаралық ынтымақтастығы туралы сұрады. 

– Университет 115 халықаралық келісімге отырған. Біз Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Түркия, Германия, Польша, Чехия, Франция, Швейцария, Қытай, Бельгия, Корея, Моңғолия, АҚШ, Португалия, Франция, Латвия және өзге де елдердің оқу орындарымен әріптестік орнатқанбыз. Шетелдік профессорлар келіп дәріс оқиды, бірлескен жобаларымыз көп, – деді И.В. Ровнякова. – Биылдың өзінде Акита университетінің (Жапония), Вроцлав университетінің (Польша), Кембридж университетінің (Британия), Түркия мен Ресей университеттерінің ғалымдары келіп дәріс өткізді. Оның ішінде АлтМУ-дің де оқытушылары бар.

Сұхбат соңында студенттер естелік суретке түсті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo