Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық конференциясы шеңберінде шетелдік ғалымдардың дәрістері өтті

Өскеменде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық конференциясы өтті. 

Конференцияға Қазақстан, Ресей, Түркия, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Әзірбайжан елдерінің елшілері, археолог-ғалымдар, түркітанушылар, филологтар, тарихшылар, мұражай, мұрағат қызметкерлері қатысты. 

Халықаралық конференция барысында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттер мен оқытушылар үшін шетелдік ғалымдар дәріс оқыды.

«Назарбаевтану» ҒБО- да профессор, Едитеп университетінің (Стамбұл, Түркия) тарих бөлімінің жетекшісі Ахмет Ташағыл және тарих бойынша философия ғылымдарының докторы, Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясының (Әзірбайжан, Баку) Археология және этнография институтының жетекші ғылыми қызметкері Тахир Шахбазов университет студенттері мен оқытушыларына дәріс оқыды. 

Пленарлық отырысқа С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген бастаған университет ғалымдары да қатысты. 

- 2016 жылдан бастап Шығыс жерінде 25000 астам артефактілер табылды. Сенсациялық ашылуларежелгі мәдениет туралы ғылыми ойды кеңейте түсті, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Ә. Б.Нүсіпова. 

Сонымен қатар, пленарлық отырыс кезінде танымал қазақстандық археолог-ғалымдар баяндама жасап, соңғы ашылулар жайлы айтып берді. 

Конференция шеңберінде Шығыс Қазақстан аумағынан табылған бірегей артефактілер көрмесі өткізілді.

Экспонаттардың ішінде «Үржар ханшайымы» және Елеке сазы, Шілікті жерлерінен табылған «Алтын адам» реконструкциялары да бар. 

Фото https://cloud.mail.ru/public/4atv/2eWF9mhbJ  

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo