Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Аманжолов оқулары-2019» конференциясы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Қазақстан жастарын тәрбиелеу контекстіндегі ғылым және білім» тақырыбында «Аманжолов оқулары-2019» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ауқымды іс-шара Жастар жылына арналған «Ұлтты бастар – рухты жастар» студенттік форумы аясында өтті.

Конференция Сәрсен Аманжолов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Басқосу модераторы – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор, заң ғылымының кандидаты, философия докторы, Педагогикалық ғылым академиясының академигі Мұхтар Төлеген президиумға құттықтау сөз айтқан конференция қонақтарын шақырды, олар – Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесі Тарих институтының ғылыми қызметкері, тарих ғылымының докторы Наталья Аблажей, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының сектор меңгерушісі Нелли Краснобаева, Пусан университетінің (Корея) волонтеры Ким Ми Хянг.

– 2019 жылды Елбасы Жастар жылы деп жариялады. Жастардың дамуы үшін университетте барлық жағдайлар жасалуда – Польшадағы «Абай» мәдени-білім беру орталығы, Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра, Археология және Алтай мәдени мұрасы музейі, «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығы, А. Трунов атындағы фитнес-орталық, оқу орны тарихында алғаш рет «Жастар» көркем фильмі түсірілген «Altai jastary» медиаорталығы ашылды. Абай атындағы кабинет, Әшімбаев атындағы экономика кабинеті, Ж. Ахмеров атындағы цифрлық гуманитаристика кабинеті, ШҚМУ-дың тұңғыш ректоры, құрметті профессоры, ҰҒА академигі Е. Мәмбетқазиев атындағы химия кабинеті, роботты техника кабинеті сияқты оқу кабинеттері мен ғылыми зертханалар ашылды, информатика бойынша 5 кабинет және өзге де көптеген кабинеттер жаңартылуда, – деді М. Төлеген.

Ректордың айтуынша, университет болашақ маманның тұлға ретінде қалыптасуында, оның рухани-адамгершілік дамуында маңызды рөл атқарады.

– Білімгерлердің белсенді әлеуметтік өмірлік ұстанымын нығайту үшін университет ұлттық бірегейлік пен барша этностардың мәдениетіне деген құрметті қалыптастырушы көптеген іс-шараларды өткізуде. Университетімізде түрлі республикалық, халықаралық олимпиадалардың, байқаулардың, сайыстардың жеңімпаздары қаншама, 90 спорт шебері мен спорт шеберлігіне үміткер Қазақстан, Еуропа, Азия, әлем чемпионы атанды, – деді ректор.

Университетте жыл сайын түрлі ғылыми-тәжірибелік конференциялар өтіп тұрады. Студенттердің ғылыми қызметі ынталандырылады, мәселен Ж. Уәлиев атындағы шәкіртақыны иеленуге арналған байқау, сондай-ақ ғылыми жобалардың «Ғылым граниті», инновациялық идеялардың «Жас талап» байқаулары ұдайы өткізіледі. Университет жас дарындар қатысатын мәдени іс-шараларды да дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Айталық, жуырда «Бірінші курс дарындары» жыл сайынғы конкурсы аяқталды.

– Бүгінде оқу орнында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жіті көңіл бөлінуде. Студенттерді адалдыққа үйрету және құқықтық ағарту жұмыстарын үйлестіруші құрылымдар жасақталған. «Sanaly urpaq» фронт-кеңсесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар зертханасы, оқу ғимараттарындағы «Адалдық дүкен», «Адалдық кітапханасы» алаңдары, Тәртіптік-сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес, студенттердің қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді. ШҚМУ студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мәселесі бойынша түрлі конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер, біліктілікті арттыру курстарын өткізуге әрдайым мұрындық болуда. Екінші жыл қатарынан Жас мемлекеттік қызметші мектебі және Жазғы адалдық мектебі өткізіліп келеді, – деп хабарлады ректор.

«ШҚМУ-да адалдық нормаларын дамыту» тақырыбында заң ғылымының кандидаты, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлмира Байыркенова баяндама жасады. – Жастарды рухани тәрбиелеу дәстүрсіз мүмкін емес. Халқымыздың игі дәстүрі – үлкенді құрметтеу. Мен университет ардагерлерінің жастарды тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз үлесін атап өткім келеді. Сондай ардагерлеріміздің бірі – Ленста Рақымжанқызы, – деп атап көрсетті М. Төлеген.

Л. Әубәкірова өмірін білім саласына, университетке арнады, оқытушыдан профессорға дейінгі жолды жүріп өтіп, білікті мамандардың бірнеше буынын дайындады. Профессор, педагогика ғылымының кандидаты Ленста Әубәкірова Сәрсен Аманжолов медалімен марапатталған.

Осындай медаль Ресей ғылым академиясының жетекші қызметкері Н. Аблажейге ШҚМУ-мен тығыз ынтымақтастығы үшін берілді.

Пленарлық мәжілістен соң «Интеграциялық процестердің қазіргі жағдайындағы Қазақстан дамуының экономикалық және құқықтық аспектілері», «Көп мәдениетті жастардың санасын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері және әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының әсері», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарға азаматтық және әскери-патриоттық тәрбие беру», «Қазіргі жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі» секция отырыстары өтті.

Конференция аясында «Инклюзивті білім беру мұғалімінің кәсіби санасын қайта құру» ғылыми-әдістемелік семинар-коучингі, «Халықаралық ғылыми журналдарда ғылыми жұмыстардың нәтижелерін жариялау» ғылыми-әдістемелік семинары, «Заманауи университеттің академиялық саясаты» тақырыбына дөңгелек үстел, «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ: Жастар жылы-2019» және Сәрсен Аманжолов туралы бейнефильмдердің көрсетілімі, университеттің ғылыми кітапханасы ұйымдастырған кітап көрмесі өтті.

Сондай-ақ, Тарих, филология және халықаралық қатынас факультетінің деканы Ә. Өскембай баяндама жасады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo