Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» атты жаңа мамандық ашылды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» атты жаңа мамандыққа қабылдау басталды. Төрт жылдан соң алғашқы аңшылықтанушылар, омарташылар, марал өсірушілер түлеп ұшпақ.

Білім күндізгі формада қазақ және орыс тілінде беріледі.

Түлектер биология саласы бойынша білімдерін кейін магистратурада жалғастыра алады. Аталмаш мамандықтар еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие.

Сабақтарды биология кафедрасының білікті оқытушылары өткізеді, университеттің материалдық-техникалық базасы жеткілікті. Студенттер іс-тәжірибеден өңіріміздегі ғылыми-зерттеу институттарында, қорықтарда, шаруа қожалықтарында өтпек.

Барынша толық ақпаратты мына мекенжай бойынша білуге болады: ШҚМУ, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34, 121 кабинет, телефондары: 54-08-12, 54-01-44 немесе Революционная көшесі, 2а, 4 кабинет, ШҚМУ биология кафедрасы, телефондары: 78-25-98, 22-61-66.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo