Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Археология және Алтайдың мәдени мұрасы мұражайы ашылды

№1 оқу ғимаратында Археология және Алтайдың мәдени мұрасы мұражайы, сондай-ақ С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мұражайы салтанатты түрде ашылды.

Құттықтау сөзінде тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А. Толамисов мұражайдың ашылуы ел аумағынан табылған археологиялық жәдігерлер көрмелерін ашуды ұсынып отырған Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен үйлесіп жатқанын атап көрсетті.

Ашылу рәсіміне белгілі ғалымдар – көптеген археологиялық экспедициялардың жектекшісі, тарих ғылымдарының докторы, ШҚМУ түлегі З. Самашев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж. Таймағамбетов, «Алтайтану» ҒЗО аға ғылыми қызметкері Е. Қариев, ЖОО ардагері, тарих ғылымдарының докторы И. Полторанин қатысты.

Мұражайға палеолит, мезолит, қола дәуірі, ерте сақ кезеңі туралы мәлімет беретін стендтер, бірегей жәдігерлер – әшекей бұйымдары, еңбек құралдары, бас киімнің, ыдыс-аяқтың, қару-жарақтың, сүйектен жасалған бұйымдардың бөлшектері қойылды.

– Бұл заттарды соңғы үш жылдағы археолог-ғалымдардың жетекшілігімен жүргізілген қазбалар барысында университет студенттері тапқан, – деді З. Самашев.

Е. Қариевтің айтуынша, сәуірде Ақбауырға археологиялық экспедиция жоспарлануда, жазда Тарбағатайдағы бес қорғанды зерттеу жалғасады. Оған еліміздің және Түркия мен Ресейдің ғалымдары қатыспақ.

Екінші қабаттағы ШҚМУ мұражайы жаңартылып, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының экспозицияларымен толықты.  

Рәсімнен кейін Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланған республикалық дөңгелек үстел отырысы өтті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo