С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Алтайтану» орталығы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы мұражайлардың ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық миссиясы» атты археологтардың, тарихшылардың, мұражай қызметкерлерінің екінші онлайн-кездесуін ұйымдастырды.
Жиында университет ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археология, этнология және музейтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Тәшенұлы Төлеубаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Жәкен Қожахметұлы Таймағамбетов, тарих ғылымдарының докторы Зайнолла Самашұлы Самашев сөз сөйледі.
Кездесу барысында көптеген ұсыныстар айтылды. Олардың бірін ғылыми ақпараттар және қолданбалы талдаудың бас ғылыми қызметкері Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев ұсынды, ол ұлттық музейлерді өңірлерде, оның ішінде Қазақстанның шығысында (Қазақстандағы археологиялық артефактілердің 70%-ы осы жерде табылған) ұйымдастыруға, музейлер мен музей қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге үндеді.
Вебинар модераторы – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ археологиялық экспедицияларының жетекшісі Елдос Мақсатұлы Кариев келесі іс-шара туралы хабарлады. Ол – Жәкен Қожахметұлы Таймағамбетовтің Шығыс Қазақстандағы палеолиттік жаңалықтар туралы ашық дәрісі.
Баспасөз қызметі