19, 20 желтоқсанда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Менің таңдауым – ШҚМУ!» атты ашық есік күні өтті.
Ауқымды кәсіби бағдар беру және университеттің дайындық бағыттары мен білім беру бағдарламаларын таныстыру мақсатында 19, 20 желтоқсанда Өскемен қаласының мектеп түлектеріне арналған «Менің таңдауым – ШҚМУ!» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара бағдарламасы кеңес берумен, экскурсиямен қатар, мазмұнды концерттік бағдарламаны да қамтыды.
Сондай-ақ, мектеп түлектеріне әрбір факультет жетістіктері, химиялық зертханалар қызметінің көріністері, криминалистикалық орталық, роботты техника, қолданбалы өнер көрмелері ұсынылды.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы