С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 16 ақпаннан «Ашық университет» акциясы басталды, оның аясында мектеп түлектерін ЖОО-ға түсу шарттарымен таныстыру мақсатында Факультеттер күндері, Колледж күндері өтеді.
Сондай-ақ, талапкерлер университеттің әлеуметтік қолдау шараларымен, материалдық-техникалық базасымен және ғылыми инфрақұрылымымен таныстырылады.
Келесі кездесі 2 наурызда сағат 14-тен 16-ға дейін №1, 2, 7 оқу ғимараттарында өтеді. Қош келдіңіздер!\
Қосымша ақпарат ШҚМУ сайтының «Хабарландыру» айдарында орналасқан.
Баспасөз қызметі