Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Аудармашы, кітапханашы, оқытушы, студент: қазақ тіліндегі 100 оқулық» республикалық форсайт-семинары өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Аудармашы, кітапханашы, оқытушы, студент: қазақ тіліндегі 100 оқулық» республикалық форсайт-семинары өтті.

Жұмысқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері, ғалымдары, оқытушылары мен қызметкерлері қатысты.

Семинар «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының 2 жылдығына арналған ШҚМУ іс-шаралары аясында өтті. Қатысушылар назарына «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» республикалық жобасын іске асыру мәселелері қойылды.

«Рухани жаңғыру» гуманитарлық және саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Е. Савчук ШҚМУ академиялық саясат және білім беру бағдарламалары басқармасы арнайы алгоритм әзірлеген, республикалық жоба аясында шығарылған кітаптарды енгізуді ұйымдастыру туралы айтты. Сонымен қатар, баяндамашы 2018-19 оқу жылында оқу үрдісіне жоба бойынша шығарылған оқулықтарды енгізу бойынша 120 іс-шара өткенін атап өтті. ЖОО пәндерінің оқу бағдарламаларын талдау көрсеткендей, 2018-2019 оқу жылында оқулықтар 120 оқу пәніне енгізілген. Университет студенттері арасында өткізілген сауалнама нәтижесі де олардың сұранысқа ие екенін аңғартады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлжихан Жұмабаева Алматы қаласында Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы А. Балаеваның қатысуымен конференция өткені туралы айтты. Конференцияда қазақ тіліне аударылған 30 жаңа оқулық таныстырылды. Гүлжихан Жұмабайқызы – философия бойынша аудармашылардың бірі. Г. Нұрышеваның жетекшілігіндегі жұмыс тобы аударған Энтони Кеннидің «Қазіргі заман философиясы бастауы» оқулығының 3 және 4 томы көпшілік назарына ұсынылды.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Рухани жаңғыру» кафедрасының меңгерушісі Г. Сәрсембаева өз университеттерінде «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасының жүзеге асырылу барысы жайлы айтып берді.

Семинарда Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры С. Игібаев, «Алтайтану» ғылыми зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Э. Столярова, Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының доценті Г. Ғұбайдуллина «Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы аясында шыққан оқулықтарға баға берді.

Әлеуметтік жұмыс мамандығының 4 курс студенттері Е. Бапышева мен А. Чуюмбаева бұл оқулықтардағы білімнің маңызы туралы айтты.

ШҚМУ Ғылыми кітапханасының қызметкері Г. Шайкен 2018 жылы жоба аясында шыққан 19 оқулықтың 1553 данасының кітапханаға түскенін, әр студентке қолжетімді екенін, оқулықтардың кітапхананың барлық оқу залдарында бар екенін атап өтті.

Кітапхана осы оқулықтарды оқу процесіне енгізу бойынша жұмыс атқаруда. Кітаптар туралы көрмелер, презентациялар мен консультациялар, дөңгелек үстелдер  ұйымдастырылады, оқулықтар туралы ақпарат https://library.vkgu.kz/page/ruhani-zhangyru.html кітапхана сайтында ұсынылған.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo