Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Айтмұхамбет Қасымовқа арналған республикалық конференция өтті

26 маусымда Журналистер күні қарсаңында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен журналист, жазушы, ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты Айтмұхамбет Қасымовтың 70 жасқа толу мерейтойына орай «Тарихи жол» республикалық онлайн конференциясы өтті.

Шараны университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Досым Ерболатұлы ашып, ректор М.Ә. Төлегеннің құттықтауын жеткізді. Ардагер журналист университетіміздің «Журналистика» мамандығында шәкірттер даярлап жатқандықтан, шәкірттері ұстаздың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін бейнероликті тарту етті.

Конференцияға «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы (Астана) С. Әліпбаев, ҰҒА корреспондент-мүшесі, Жазушылар одағының хатшысы (Алматы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) Б. Жақып, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика кафедрасының меңгерушісі А. Есдәулетов, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ доценті Г. Рахымбаева, облыстық «Дидар» газетінің бас редакторы У. Тоқпатаев,  ШҚМУ-дың аға оқытушысы Ә. Берікболова баяндама жасап, публицист шығармашылығының қыр-сырын ашуға тырысты. 

Сондай-ақ, профессор Ғ. Ибраева (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), доцент Қ. Мысаева (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Журналистер одағы Шығыс Қазақстан филиалының төрағасы Ж. Әділбаев, конференцияға қатысқан барлық шәкірттерінің атынан «Дидар» газетінің тілшісі Д. Аллаберген құттықтау жолдады. Факультет деканы Ә. Өскембай ұстазға ақ тілегін жолдап, шара шымылдығын жапты.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo