Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да бағдарламалау бойынша аймақтық олимпиада өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да облыс колледждері мен жоғары оқу орындарының IT мамандықтары студенттерінің арасында аймақтық олимпиада өтті. 

Олимпиаданы Жаратылыстану ғылымдары мен технологиялар факультетінің Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы қызметкерлері ұйымдастырды. Олимпиаданың өткізілуі мен ұйымдастырылуы ШҚМУ  Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Ж. Жантасованың 2019 жылы иеленген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының қаржысы есебінен жүзеге асты. Олимпиадаға 39 студент қатысты. ШҚМУ студенттерінен басқа аймақтық олимпиадаға облыстың 4 университеті мен 3 колледжінен студенттер қатысты.

Бұлар – Д. Серікбаев атындағы ШҚМУ, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет, Қазақстан-Америка еркін университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, ШҚМУ Жоғары колледжі, Өскемен жоғары политехникалық колледжі.

Олимпиада екі кезеңде өтті – тестілеу және бағдарламалау. Қазылар алқасының мүшелері Өскеменнің келесі ұйымдары мен мекемелерінің IT-мамандары болды: Ақпараттық технологиялар орталығы, Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы, «Өзен» ЖШС.

Олимпиада жеңімпаздары: 1 орын – Троценко Евгений (ҚАЕУ), 2 орын – Сюрсин Михаил (Политехникалық колледж), Косенко Павел (ҚАЕУ), 3 орын – Васипёнок Владислав (ҚАЕУ), Бақтияров Әлқайдар (Политехникалық колледж), Байдаханова Ділназ (Политехникалық колледж).

Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo