Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Бақылау кеңесінің кезекті отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Бақылау кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Маман даярлау сапасы, оқу үрдісіндегі және білім беру бағдарламаларындағы соны жаңалықтар туралы оқу-әдістемелік жұмыс жөнендегі проректор Д. Ерболатұлы хабарлады. Айталық, ағымдағы оқу жылында 17 жаңа мамандық ашылып, студенттерге АҚШ, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азияда оқу үшін 16 грант бөлінді, әскери кафедра құрылып, оған 45 грант қаралды, келер жылы тағы 12 жаңа білім беру бағдарламасын ашу көзделуде. ШҚМУ биыл ел ЖОО-ларының бас рейтингісінде 7 орын, көпбейінді ЖОО-лар рейтингісінде 6 орын алды.

2018 жылдан қалған ШҚМУ-дың таза кірісін бөлу туралы ректор М. Төлеген мәлімет берді. Оқу орны басшысы Елбасының бес әлеуметтік бастамасының үшінші бағыты жөнінде айтты. Жаңа оқу жылында 100  компьютер сатып алу, кейбір ғимараттарды жөндеу, №3 оқу ғимаратын қайта құру, жаңа жатақхана салу және өзге де мақсаттар тұр. Бүгінде университетте 6600 адам білім алуда.

Отырыста, сондай-ақ, босаған білім гранттарына үміткер ақылы негізде оқитын білімгерлер туралы мәліметті министрлікке жолдау (академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И. Стеблецова) және Бақылау кеңесі төрағасы мен мүшелерінің өкілеттіктерін ұзарту туралы (ректор М.Төлеген) мәселелер қаралды.

Барлық қарастырылған мәселелер бойынша оң шешімдер қабылданды. 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo