С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Бақылау кеңесінің кезекті отырысында үш мәселе қаралды.
Тәрбие жұмысын жетілдірудің қорытындысы және келешегі туралы тәрбие жұмысы жөніндегі проректор И.В. Ровнякова баяндады. Сондай-ақ, оқу орнының таза табысын бөлу (бас бухгалтер З. Қасенуәлиева), ішкі аудит қызметінің басшысын тағайындау (ректор М. Төлеген) бойынша мәселелер қаралды. Іссапар шығындарын өтеу ережесін бекіту және оқу орнының өкілдік шығындары туралы мәселелер Бақылау кеңесінің төрағасы, білім және ғылым вице-министрі А. Аймағамбетовтің ұсынысымен келесі отырысқа қалдырылды.
Баспасөз қызметі