- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
27 қаңтарда Экономика және құқық факультетінің «Қаржы және есеп» кафедрасында Банк саласындағы қаржы жетекші мамандардың қатысуымен «Екінші деңгейлі банктердің басқару жүйесін жетілдіру» тақырыбында ғылыми – теориялық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – Шығыс Қазақстан облысы банк саласының және профессорлық-оқытушылар құрамының байланысы негізінде Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің қызметін басқарудың негізгі өзекті сұрақтарының тәжірибелік бағытын анықтау және талқылау болды.
Іс-шараға жұмыс берушілер мен облыстық банк саласының серіктестіктері қатысты. Оның өкілдері: Шимина Н.- Ұлттық банк ШҚФ бас маманы, Мураткин К.- «ForteBank» АҚ корпоративтік сату бағытының жетекші маманы, Жаксугунова З. – «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс Жинақ Банкі» АҚ ШҚОФ Бизнесті дамыту бөлімінің маманы, Кусманова И.- Ұлттық Банк ШҚФ маманы, Сагандыкова А. – Казкоммерцбанктің несиелеу әкімшілігі.
Семинарға қаржы және есеп кафедрасының оқытушылары мен «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттері қатысты.
Экономика және қаржы факультеті