Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да белгілі спортшы және ғалым М. Ағзамов студенттермен кездесті

Қол күресінен бірнеше дүркін облыс, ел, Азия, әлем чемпионы, еңбек сіңірген бапкер, Спорт саласының құрметті қайраткері, техника ғылымдарының кандидаты, ШҚМУ физика және технологиялар кафедрасының доценті, Қазақ аграрлық университетінің құрметті профессоры Мұхамедолла Ағзамов студенттермен кездесті.

Жуырда, 3 ақпанда Мұхамедолла Сағидоллаұлы қол күресінен Шығыс Қазақстан чемпионатында кезекті жеңісіне жеткен-ді.

Спортшы спорттағы жолы, түрлі деңгейдегі сайыстарға қатысуы, ғылыми қызметі туралы айтты. М. Ағзамов өзге ғалымдармен бірлекене бірнеше өнертабыстың авторы болып табылады. Олардың ішінде «Дақылдарды өңдеудің тиімді тәсілі», «Комбайндарға арналған астық бастыруды үдеткіш», «Комбайн жаткасына арналған күнбағыс жинау құрылғысы» және тағы басқа патенттер бар.

Ғалым Қазақстандағы ЕҚДБ-ның BAS бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыруға атсалысқан.

Кездесуге тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А.Г. Толамисов қатысты.

Баспасөз қызметі,

жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті

Қазақ
× You found a Typo