Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да белгілі журналист Карина Шайкеновамен кездесу өтті

5 наурыз күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 9 оқу ғимаратында  оқу орынымыздың түлегі журналист Карина Шайкеновамен куездесу өтті.

Карина қазір  Алматыда тұрады және жұмыс істейді, ол- Market.kz You Tube-жобасының жүргізушісі және сценарисі,  Kolesa Group компаниясының шолушысы. Кездесуге "Журналистика" және "Орыс тілі мен әдебиеті" мамандықтарының 1-4 курс студенттері қатысты.

Карина Шайкенова журналистік қызметтің жетістігі туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Оның пікірінше, қазіргі журналистке негізделген үш кит бар - бұл шынайы ақпарат, жеделдік және ойды нақты тұжырымдай білу.

-Жұмыс барысында өзіңіздің қабілетіңізді шектемеңіз. Әрбір жұмыс орнында   сіз қандай жұмыспен айналысаңыз да, өзіңіз үшін барынша тәжірибе мен жоғары білім алуға тырысыңыз , –  деп студенттерге белгілі журналист кеңес берді.

Ол  журналист ретінде алғашқы қадамдарын жасаған және оқыған ЖОО-ның студентерімен  кездескеніне қуанышты екенін айтты.

Карина Темиргалиева,

"Журналистика" мамандығының 1-курс студенті

Қазақ
× You found a Typo