Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да білім алып жатқан шетелдік студенттер қаланы аралады

Бүгінгі күн біз үшін өте қызық, әрі есте қаларлықтай болды десек, артық айтпаспыз.
Күздің салқын күнінде, жылы, жақсы көңіл-күймен, оқу ордамызға келген қытайлық, кореялық және ресейлік достарымызбен қаланы араладық.
Бұл сапар біреулер үшін тіл жаттықтыруға үлкен тәжірибе болса, біреулер үшін жаңа орта, жаңа достар табуға үлкен мүмкіндік болды. Әрине, бастапқыда бір-бірімізді түсіну қиынға соқты.
Алайда, университетіміздің аудармашы ұл-қыздары өздерінің керемет тіл мамандары екендерін көрсетті.
Шетелден келген достарымызға да бұл күннің ұнағаны сөзсіз.
Оны қала аралау барысында тамсана әрі қызыға қараған жанарларынан байқауға болады. Өскемен қаласының табиғатының сұлулығын айтып, ой-пікірлер білдіріп жатқан студенттерде аз емес.
Көптеген саябақтар мен Ертіс жағасының әсемдігі ерекше көзге түсіп, көңілдерінен шығып жатқанын, Шырайлы Шығыс мекені ұнап жатқанын кей қонақтарымыз өз тілінде білдіріп жатса, кейбіреулері тіл бұрмалап қазақ тілінде айтып жатты. Бұл біз үшін үлкен мәртебе! Алда әлі де көптеп келетін шетелдік достарымыз әрдайым еліміз, жеріміз, қаламыз жайлы осындай жақсы ойда болады деген сенімдеміз!

Қазақ
× You found a Typo