Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да білім басқармасының алқа отырысы болып өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимаратының акт залында облыстық білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы болып өтті.

Кеңейтілген алқа отырысын облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова ашты.

Алқа отырысының жұмысына С. Аманжолов атындағы ШҚМУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ирина Ровнякова қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде – ШҚО білім басқармасының 2017 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары және Елбасы Жолдауын іске асыру аясындағы 2018 жылға арналған міндеттер (ШҚО ББ басшысының м.а. С.А. Жұмаділова), ШҚО-да үштілділік білім беруді дамыту бойынша кешенді жоспардың екінші кезеңінің іске асырылу барысы (ҚАЕУ колледжінің директоры, үштілділік бойынша жұмыс тобының төрайымы М.И. Кикина), білім беру ұйымдарындағы 2017-2018 жылдарға арналған бақылау іс-шараларының қорытындысы (ШҚО БСБД басшысы С.К. Ысқақова), ШҚО білім беру жүйесін цифрландыру (ШҚО ББ білім саласындағы жаңа технологиялыр ШҚ өңірлік орталығының директоры), «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жобасының іске асырылу барысы (ШҚО ББ басшысының орынбасары А.О. Байжанова).

Сөйлегендердің баяндамаларын тыңдап, талқылаған алқа отырысы білім басқармасының өткен жылғы жұмысын қанағаттанарлық деп тануды ұйғарды.

Білім басқармасы алқа отырысы шешімінің жобасында мектепке дейінгі тәрбие және білім беру, орта білім беру салаларына, үштілділік білім беру, цифрландыру, техникалық және кәсіби білім беру, қосымша білім беру, балалар құқығын қорғау бойынша ұсыныстар берілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo