С. Аманжолов атындағы ШҚМУ кафедралары білім беру бағдарламаларын заманауи үдерістерге сай жаңартып отыр.
Университет «Білім беру» бағытындағы білім беру бағдарламаларын өзектілендірді. Айталық, білім беру бағдарламаларының төлқұжаттарында «Педагог» кәсіби стандартына сәйкес мақсат-міндеттер өзектілендіріліп, болашақ педагогтың жаңа стандартқа бағытталған негізгі құзіреттіліктері енгізілді.
Келешек ұстаздардың тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларына, олардың зерттеу қызметіне тартылуына, өзін-өзі оқытуға деген ынталарына көп көңіл бөлінуде.
Бұдан бөлек, оқу орнында саладағы үдерістерге байланысты жекелеген білім беру бағдарламаларының модульдері, курстардың мазмұндары қайта қаралып, толықтырылды.
Сондай-ақ, білім беру бағдарламаларындағы әдебиеттер тізімі жаңартылды.
Баспасөз қызметі