Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да білім беру бағдарламаларын әзірлеу тақырыбында семинар өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Білім беру бағдарламалары (curriculum design)» тақырыбында білім беру бағдарламаларының жетекшілері мен менеджерлеріне арналған семинар өтті.

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Досым Ерболатұлы 2020-2021 оқу жылында жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларын өзектендіру қажеттілігі туралы баяндама жасады.

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И. Стеблецова «Кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу» баяндамасында қатысушыларға бекітілген Кәсіби стандарттар мен салалық біліктілік шеңберіне сәйкес білім беру бағдарламаларына өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы ақпарат берді.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу (curriculum design)» республикалық оқыту семинарына қатысу қорытындылары және ҚР ҰБШ, СБШ, кәсіби стандарттарды, сондай-ақ білім берудегі трендтерді ескере отырып білім беру бағдарламаларын әзірлеудің қазіргі заманғы үрдістері туралы білім беру бағдарламаларын әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің бастығы С. Оразова айтты.

Жұмыс барысында университетте жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын өзектендіру және оңтайландыру мәселелері бойынша қызықты диалог орын алды.

Білім беру бағдарламаларын

әдістемелік қолдау бөлімі 

Қазақ
× You found a Typo