5-6 маусым күндері әдістемелік жұмыс және іс-тәжірибе бөлімі білім беру бағдарламалары бойынша құзыреттіліктер мен оқыту нәтижелерін құрастыру бойынша жұмыс тобының жетекшісі, педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының доценті, п.ғ.к. Т.В. Паньшинамен бірлесе отырып «Білім беру бағдарламалары бойынша құзыреттіліктер мен оқыту нәтижелерін құрастыру» оқыту семинарын өткізді.
Семинарға 35 астам білім беру бағдарламалары жетекшілері мен кафедра меңгерушілері қатысты.
Семинар барысында тыңдаушылар әдістемелік жұмыс және іс-тәжірибе бөлімінің бастығы С.С. Оразованың «Реестрге енгізу үшін білім беру бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелерін құрастыру туралы» және педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының доценті, п.ғ.к. . Т.В. Паньшинаның «Білім беру бағдарламалары бойынша құзыреттілік картасын құрастыру туралы» мәселелерді талқылап, білімдерін бекіту мақсатында практикалық жағдаяттық мәселелер орындады.
Академиялық саясат және
білім беру бағдарламаларын
басқару департаменті