Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» семинары өтті

ШҚМУ-да «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» ғылыми-әдіснамалық семинары өтті.

Қазақстан тарихы кафедрасында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру шеңберінде т.ғ.д., профессор С.К. Игібаевтың жетекшілігімен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінің бағдарламасы» атты ғылыми-әдіснамалық семинар болып өтті.

Семинар барысында білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асырудағы өзекті мәселелер, қазіргі шынайылықты ескере отырып,  «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» бағдарламасының мазмұнын жетілдіру қажеттілігі қарастырылды.

Семинарда қоғамдық және экономикалық жаңғырту, халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, профессор С.К. Игібаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2018 жылы қазақ тіліне аударылып, жарыққа шыққан Алан Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы» және Дэвид Бринкерхоф, Роуз Уейтс, Сюзан Ортеганың «Әлеуметтану негіздері» кітаптарына аса назар аударып, шолу жасады.

Семинарға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар, магистранттар және «Тарих» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттері қатысты.

Қазақстан тарихы кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo