Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Білім беру мазмұнын жаңартудың мәселелері: теориядан практикаға» әдістемелік практикумның қорытындысы шықты

Апта бойы университет оқытушылары облыс мектептерінің мұғалімдерімен, Өскемен қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының, ШҚО бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы өкілдерімен білім беру мәселелерін талқылады.

Әр қатысушы шеберлік-сабақтарға, тренингтерге қатысып, сұрақ қоюға, пікір-тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Іс-шараның әдістемелік құндылығын бағалаған қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, тренингтің өзектілігі мен қажеттілігін, жаңартылған білім беру мазмұны аясында қызметті ұйымдастыру бойынша жаңа әдістемелік тәжірибе алу, оқу үдерісінде инновациялық білім беру технологияларын, әдістер-тәсілдерді қолдану мүмкіндігін атап өтті. Осындай іс-шараларды тұрақты өткізуге тілек айтылды.

Практикум қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, Өскемен қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының, ШҚО бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдеріне білім беру сапасын арттыру бойынша ынтымақтастық үшін алғыс хаттар табыс етілді.

Фото https://cloud.mail.ru/public/kUer/3jAowK9wp

Білім беру бағдарламаларын

әдістемелік қолдау бөлімі

Қазақ
× You found a Typo