сараптау тәртібімен таныстырған МҒТСҰО АҚ ШҚФ директоры Мухиева Ж.С. және бас маманы Ушакова Э.И. баяндамалары үлкен қызығушылық тудырды.
Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас техниктер станциясы» КМКК директоры Жаркембаев Е.К. - Аманжолов ат. ШҚМУ мен «Жас техниктер станциясы» МББМ ынтымақтастық туралы келесім шарттың болашағы туралы баяндама жасады және қазіргі кезеңде «Ақпараттық жүйелер», «Информатика» мамандықтарының түлектеріне қойылатын талаптар туралы айтып берді.
Дөңгелек үстелге дайындық жұмыстарын университет оқытушылары- университеттің оқу үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу бойынша жұмыс тобының мүшелері жүргізді.
ЖОО-да осы саладағы мәселелерді анықтау үшін олар сауалнама дайындады, сауалнама жүргізді, нәтижелерді өңдеді.
Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, қатысушылар ұсыныстардың жобаларын талқылап, қабылдады.
(https://www.vkgu.kz/sites/default/files/files/education/vned_IKT_v_op/re...)
Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі