- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жарқын сәттерге толы білім күні өткізілді.
Мерекелік іс-шаралар «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша және Моңғолиядан келген 1 курс студенттерін қарсы алудан басталды. Студенттермен кездесу барысында университеттің стратегиялық даму және ғылыми жқмыстар бойынша проректоры Ердембеков Б.А. және «Серпін - 2050» штабының жетекшісі Байжұманов Л.Т. студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Сонымен қатар, № 1 оқу ғимаратының алдындағы алаңда «ШҚМУ-ғы білім күні» салтанатты жиыны өтті.
– Бүгін, қазақ халқының белгілі тұлғасы, академик, ғалым-тілтанушы, жерлесіміз Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті бірінші курс студенттері үшін өзінің есігін айқара ашты. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ аймағымыздағы жаратылыстану-гуманитарлық білім беру саласының үздігі болып табылады. Біз университетіміздің түлектері мен студенттерін мақтан тұтамыз.
Білім күні – бұл қымбатты педагогтар мен университеттің барлық ұжымы үшін үлкен мереке.
Университеттің үздік түлектері, магистрлері PHD-докторантура бағдарламасы бойынша білімдерін жалғастыруда.
– Құрметті бірінші курс студенттері! Біз шын жүрегімізден сіздерді үлкен өмірге қадам басуларыңызбен құттықтаймыз. Бүгіннен бастап сіздер университетіміздің өміріне араласып, 4 жылда белсенділік танытып, ойлаған жоспарларыңызды іске асыра аласыздар.
Сондай-ақ, тарих, филологя және халықаралық қатынастар факультетінің, психология, педагогика және мәдениет факультетінің, жаратылыстану және технологиялар факультетінің, экономика және құқық факультеттерінің декандарымен бірге 1 курс студенттері Декан сағатын өткізіп, университет мұражайы мен ШҚМУ ғылым кітапханасымен танысты.
Ал, кешкісін студенттерге арналып VKGU party шарасы ұйымдастырылады деп жоспарлануда.
Баспасөз қызметі