С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Білім және ғылым министрлігінің, Назарбаев зияткерлік мектебінің, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының ұсыныстары есепке алына отырып, білім мазмұны 6 бағыт бойынша жаңартылуда.
Алдымен бұл – білім беру бағдарламаларын ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері, кәсіби стандарттар мен жұмыс берушілер ұсыныстары негізінде өзектілендіру.
Өзге бағыттар – кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру мен өткізудің амал-тәсілдерін өзгерту, инклюзивті білім беруді іске асыру, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ІТ-білім беруді іске асыру, білім алушылардың 21 ғасыр дағдыларын, оның ішінде кәсіпкерлік құзіреттіліктерін дамыту.
Мұнымен қоса, білім мазмұнын жаңарту жұмыстарының бір бағыты – білім беру үрдісін ұйымдастырушылық және әдістемелік қолдау.
Баспасөз қызметі