Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да биотехнология мәселелері талқыланды

23 қарашада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Сауықтырылған және өнімді элитаны алу үшін негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығына биотехнологияның инновациялық әдістерін енгізу» семнары өтті.

Семинарда ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясындағы және тұқым шаруашылығындағы биотехнология, күнбағыс аурулары және Шығыс Қазақстан жағдайларындағы сұрыптардың далалық төзімділігі мәселелері, бақшалық бүлдіргеннің бастапқы материалын алу биотехнологиясының әдістері, топинамбурды көбейтудің биологиялық тәсілдері және ШҚО-дағы дақылдар тұқым шаруашылығы қарастырылды.

Сондай-ақ, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы зертханасына, Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханаға экскурсиялар ұйымдастырылды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo