Нағыз майдандық газеттердің көшірмесі бар «Отанды қорғауда» атты бірегей кітап С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да басылып шықты.
Аталмыш еңбек соғыс барысы және 75 жылдығы аталып отырған Ленинград қоршауының алынуы туралы сыр шертеді.
ЖОО ректоры М.Ә. Төлегеннің редакторлығымен академик, ШҚМУ профессоры Үсен Әлімбетов әзірлеген бұл кітап «Берел» баспасынан шығып отыр.
«Казахстанская правда» республикалық газетінде осы жөнінде облыстық тілші Галина Вологодскаяның мақаласы жарық көрді.
Баспасөз қызметі