Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Біргеміз» облыстық волонтерлар слеты өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да облыс колледждері және ЖОО студенттері арасында волонтерлар қозғалысын дамыту мақсатында «Біргеміз» облыстық волонтерлар слеты өтті.

Слетты ұйымдастырушылар – облыстың білім басқармасы, Өскемен жоғары медицина колледжі.

Іс-шарада 6 оқу орны – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен жоғары медицина колледжі, Семей радиотехника және байланыс колледжі, Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжі, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ өз жұмыстары бойынша презентация жасады. ШҚМУ атынан «Мейірім» волонтерлар клубы қатысты.  

Слетқа қатысушылар волонтерлық клубтың қызметі туралы альбом (портфолио), буклеттер, жарнамалық өнімдер дайындап, көрме ұйымдастырды.

Барлық командаларға маршруттық парақтар таратылды, студенттер параққа сәйкес алаңдарға бөлініп жұмыс жасады. Атап айтсақ, «Волонтер бола тұра қалай зиян келтірмеу керек» тренингі – «Ана үйі» ҚҚ спикер-үйлестірушісі Н. Оңғарбаева, пікірталас алаңы – «Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттіктің» психолог-тренері К. Меронян, «Халықаралық Қызыл Крест және Қазақстандық Қызыл Жарты Ай қоғамымен волонтерлық жұмыс» дәріс-тренингі – Өскемен жоғары медицина колледжі волонтерлық қозғалысының жетекшісі В. Тарасенко, ШҚО Қызыл Жарты Ай қоғамының үйлестірушісі А. Сүлейменова, «Алғашқы шұғыл көмек көрсету үшін базалық реанимациялық іс-шараларды оқыту» шеберлік-классы – нұсқаушы Г. Папышева.

Слет соңында қатысушы клубтар дипломдармен марапатталды.

2020 жыл Волонтерлар жылы деп жарияланған.

Назым Аманжолова,

Идеялық-тәрбие жұмысы жөніндегі маман

Қазақ
× You found a Typo