Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Қаржы журналистикасы» мектебі өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әкімшілік ғимаратында 3 күн бойы Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры ұйымдастырған «Қаржы журналистикасы» оқыту бағдарламасы өтті.

Кез келген азамат егде тартқан жасында еңбегінің зейнетін көргісі келетіні анық. Қарттық жаста зейнетақы алғың келсе, қазірден бастап  зейнетақы қорың туралы біліміңді толықтыруың қажет. Ол үшін әр азамат зейетақыны жинау, зейнеткерлікке шығу мәселелерінің өзгерістері мен талаптарын білуі керек.

Республика көлемінде тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған оқыту бағдарламасына  БАҚ  өкілдері, журналистика мамандығының студенттері мен оқытушылары қатысты. Зейнетақы қоры жүйесінің негізгі екі түрі бар: міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ал үшінші түрі ерікті зейнетақы жарнасы. Үшінші түрі бойынша әр азамат қазірден бастап аталмыш жарнаның көмегімен өзінің болашақ зейнетақысын көбейте алады.  Ал ерікті зейнетақы жарналары – зейнетақы алушының өз бастамасы бойынша өзінің зейнетақы қорына салатын ақшасы.

Әр салымшы бұрын шотында жиналған зейнетақысын қызмет көрсету кеңселеріне келу арқылы білсе, қазір мобильдік қосымшалар мен терминалдар, онлайн-кеңесшілер арқылы біле алады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары Қор сайтындағы ең танымал сервистердің бірінің жаңарғанын атап өтті. Бұл – болжамды зейнетақы калькуляторы. Әр салымшы өзінің болашақ зейнетақы төлемдерінің мөлшерін анықтай алады. Бұл ретте ол мемлекеттік базалық зейнетақы мен жасына байланысты ортақ зейнетақыны және БЖЗҚ төлемдерін қатар көрсетеді.

Болашақтағы зейнетақыңыздың сомасын білгіңіз келсе аталмыш калькуляторды қор enpf.kz сайтының жеке кабинеті арқылы ашатын болсаңыз, жинақтардың сомасы автоматты түрде енгізіледі.

Оқыту бағдарламасының соңында қатысушылардың барлығы Kahoоt  онлайн ойынына қатысып, күні бойы алған білімдерін саралады. Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo