Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да бітіруші студенттердің кәсіби іс-тәжірибесінің қорғауы өтті

Педагогикалық мамандықтардың студенттері іс-тәжірибені өткен мектептерін таныстырды. Сол мектептің миссиясын, мақсаты мен ерекшеліктерін айта келіп, өз пікірлері мен иемденген тәжірибесімен бөлісті.

Комиссия мүшелері ретінде орыс филологиясы, әлем тілдері мен аударма кафедрасының меңгерушісі Капышева Гулнар Кыдырбековна, педагогикалық мамандықтардың іс-тәжірибе жетекшісі Чжан Елена Евгеньевна мен «Аударма ісі» мамандығының іс-тәжірибе жетекшісі Торгаева Раушан Кажымукановна қатысты.

Комиссия алдында «Шет тілі: екі шет тілі» (күндізгі, ТжКБ бөлімдері) мамандықтарының бітіруші студенттері сөз сөйледі: Дюсупова Аида – «Дарынды балаларға арналған №34 арнайы мектеп - лицейі» КММ; Кусаинова Алина және Гуслякова Элина – «№12 жалпы білім беретін мектеп» КММ; Кумашева Зарина және Кемпербаева Айдана - «Өскемен қаласы химия және биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі»; Сатыбалдина Сара және Гетцель Полина –«№30 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ; Олжабаева Алина және Сеитзада Индира - жалпы білім беретін жекеменшік мектеп «Исток»; Кривошеева Ольга және Маликбаева Назерке – «№36 орта мектеп» КММ; Мухамжаров Ғасырлан – «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектеп» КММ; Асетова Енлик және Өзгеріс Тілекберді –«№42 орта мектеп» КММ; Нуралдинова Лэйла – «М. Әуезов атындағы №17 орта мектеп» КММ; Алпекова Мадина, Бердишева Айдана, Сапаева Ұлжан, Тлепова Мөлдір және Үміт Динара – «№15 орта мектеп» КММ; Мухамеджанова Анар – «№ 11 мектеп – лицейі» КММ.

«Аударма ісі» мамандығының студенттері Катырев Богдан, Ильясов Азамат, Кабдешова Назерке, Азатбек Аяулым, Майлан Сулу университетіміздің халықаралық ынтымақтастық бөлімінде іс-тәжірибеден өтті. Мақалаларды және Польшадан келген профессор Роберт Стефаницкидің азаматтық құқық, бизнес құқығы мен авторлық құқық жөніндегі дәрістерін аудару барысында алған тәжірибесімен бөлісті.

Оларға аударманың өзі ғана емес, профессордың бөліскен ақпараты да қызықты болғанын айтты.

Кәсіби кадрлардың жақсы дайындығы үшін қаланың бірнеше мектептері біздің университетіміз бен орыс филологиясы, әлем тілдері мен аударма кафедрасына өз алғысын білдірді.

Атап айту қажет, студенттердің көпшілігі өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге ынталы, ал кейбіреулеріне жұмыс жасау туралы ұсыныстары да жасалды.

Орыс филологиясы, әлім тілдері және аударма кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo