- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы облыс мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен «Болашақ филолог» атты олимпиада өткізді.
Олимпиада ашылуында ф.ғ.к., доцент С. Оразалин оқушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Бас жүлдені Тарбағатай ауданы Шорға ауылының Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Аяужан Тұрдыбаева, І және ІІІ орындарды Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушылары Нұрайым Бағдатова мен Ақгүл Жеңісханқызы, ІІ орынды О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Аяжан Аязбекова жеңіп алды.
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын таңдаған оқушылар олимпиадаға жақсы дайындықпен келді. Олимпиада соңында кафедра меңгерушісі ф.ғ.к. С. Қасенов оқушыларды жеңістерімен құттықтап, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына оқуға шақырды.
Қазақ, орыс филологиясы
және журналистика кафедрасы