С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ППжМФ «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша 4-курс студенттерінің дипломдық жұмыстарын алдын ала қорғауы онлайн режимінде өтті.
Кездесу барысында студенттер презентация жасады, көрнекі материал ұсынды, ғылыми жетекшінің, кафедра оқытушыларының сұрақтарына жауап берді.
Студенттер дипломдық зерттеудің практикалық маңызына айрықша назар аударды, өйткені диплом жұмыстары тақырыбының өзектілігі негізгі жұмыс берушілер ретінде мектеп директорларымен бірге пысықталды.
Дипломдық жұмыстардың нәтижелері бойынша студенттер конференция жинақтарында ғылыми мақалаларын жариялады.
Отырыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар айтылып, тиісті шешім қабылданды.
Баспасөз қызметі