С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Бородулиха ауданының 50 мектеп түлегімен Факультет күні және колледж күні өтті.
Іс-шарада Тарих, филология және халықаралық қатынастар, Психология, педагогика және мәдениет, Экономика және құқық, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеттерінің, ШҚМУ Жоғары колледжінің таныстырылымы өткізілді.
Балалар Археология және Алтайдың мәдени мұрасы мұражайында, «Шығыстың інжу-маржандары» мұражайында, Бажанов атындағы музейде, Гербарий кабинетінде, Сирек кітаптар қорында, оқу залында, Криминалистикалық орталықта болды.
Сондай-ақ, олар «Назарбаевтану», «Зияткер» орталықтарымен, ШҚО білім мұражайымен, Біліктілікті растау орталығымен, «ALTAI JASTARY» медиаорталығының телестудиясымен, «Рухани жаңғыру» конференц-залымен танысты.
Жаратылыстану ғылымдарын және техникалық мамандықтарды қалайтындар зертханаларда болып, химия, биология, физика, роботты техника бойынша шеберлік сыныптарынан өтті.
Фото https://cloud.mail.ru/public/1b7s/DPDPJq7Q1
Баспасөз қызметі