Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

23 сәуірде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да педагогикалық мамандықтардың 4 курс студенттері үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға облыстық білім басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері, облыстық, қалалық орта мектептер, балабақшалар, кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінің 70-тен астам директорлары мен олардың орынбасарлары қатысты.

Жәрмеңкеде студенттерге облыс бойынша бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу шарттары мен талаптары, әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат берілді.

Келесі педагогикалық емес мамандықтар студенттеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі 24 сәуірде өтеді. Барлық мүдделі  тұлғаларды іс-шараға шақырамыз.

Облыстың білім мекемелеріндегі бос жұмыс орындар тізімін студенттер №1 оқу ғимаратының №123 кабинетінен біле алады.

Фото https://cloud.mail.ru/public/2Zxt/3XUb1XXvS

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo