Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да бос жұмыс орындарының жәрменкелері басталды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 4 курс студенттеріне арналған бос жұмыс орындарының атаулы жәрменкелері басталды.

«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 4 курс студенттері ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының өкілдерімен кездесті.

Осы жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде  «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша 23 студент оқуды аяқтайды, оның ішінде 12 студент «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы бойынша.

Басқарма өкілдері мемлекеттік қызметке кіру қолжетімділігі мен ашықтығын атап өтіп, басқармадағы бос орындар туралы ақпарат ұсынды.

Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп, ұйымдастыру-кадрлармен қамтамасыз ету және персоналды басқару бөлімінің басшысы Ботакоз Мейірімқызы әр түлек электрондық үкімет веб-порталы немесе M-Gov мобильді қосымшасы арқылы тестілеуге өтініш бере алатынын атап өтті.

Түлектерді жұмысқа бөлу циклограммасына сәйкес мамандықтар бойынша атаулы бос жұмыс орындар жәрмеңкелері сәуір айының аяғына дейін өтеді.

Қосымша сұрақтар бойынша маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығына (№1 оқу ғимараты, 123 каб.) хабарласуға болады.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo