Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

24 сәуірде педагогикалық емес мамандықтардың 4 курс студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға облыстағы 25 ірі мекеме-кәсіпорындар өкілдері қатысты: ШҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Өскемен қаласы жұмыспен қамту орталығы, ШҚО «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер  палатасы, облыс прокуратурасы, төтенше жағдайлар департаменті, ШҚО сот әкімшілігі, «Казцинк» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «Альтернатива» медиация және құқық орталығы, «1-С Рейтинг» компаниясы, Жас техниктер станциясы, «ДарКонсалтинг», «Апару», «Экобиоцентр»,  «Uk development group» ЖШС және т.б.

Жәрмеңкеде студеттер бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу шарттары мен талаптары, әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат алды.

ШҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі студентерге мемлекеттік қызметке кіру тәртібі туралы баяндады. Сонымен қатар, Өскемен қаласы жұмыспен қамту орталығының және ШҚО «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері жастар тәжірибесі және бизнес бастау туралы айтты.

Облыс бойынша бос жұмыс орындар тізімін студенттер №1 оқу ғимаратының №123 кабинетінен ала алады. 

Фото https://cloud.mail.ru/public/3hrq/4N8erQeaX

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo