Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Build your brain шағын жобалар байқауы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ және Жоғары колледж студенттері арасында Build your brain шағын жобалар байқауы өтті.

Университетте білім алушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын арттыру үшін Build your brain шағын жобалар байқауы өтті. Ағылшын тілін еркін меңгерген студенттерді анықтаумен қатар, аталған байқаудың мақсаты қазіргі заманғы түрлі мәселелерге студенттердің қызығушылығын арттыру, сыни ойлауды дамыту және өз идеялары мен пікірлерімен таныстыру болды.

Байқау түрлі материалдардан биік конструкцияны жасау және оны жариялаудан басталды. Бұл тапсырма сыни ойлау, командада жұмыс істеу, креативтілік және коммуникативтік сияқты бірнеше дағдыларды дамытуға бағытталған.  Кейін студенттер ғылыми салада өз ойларын ағылшын тілінде білдіру қабілетін көрсетуге тырысты.

Сайыс қызықты әрі мазмұнды өтті. Қазылар алқасы мүшелері – ШҚМУ ғылыми жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мәди Әбілев, «Тіл әлемі» орталығы басшысының міндет атқарушы Сабина Жақсылықова, химия кафедрасының оқытушысы Еркежан Мүбәрактің шешімі бойынша бірінші орынды Жоғары колледж студенті Иван Лукьянов, екінші орынды Жоғары колледж студенті Мөлдір Балтағазиева, үшінші орынды Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің студенттері Әсет Алмас пен Олег Лищук иеленді.

Іс-шара соңында студенттерге дипломдар, ал басшыларға алғыс хаттар табыс етілді.

 «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы

Қазақ
× You found a Typo