Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да бұқаралық ашық онлайн-курстар туралы айтылған семинар өтті

Біліктілікті арттыру орталығы Әл-Фараби атындағы ҚазҰЛ-мен бірлесе «Бұқаралық ашық онлайн-курстар заманауи білім алудың құралы ретінде» онлайн-әдістемелік семинарын өткізді. Аталмыш семинар педагогикадағы жаңа бағытқа – цифрлық білім беруге арналды.

Семинар «Рухани жаңғыру» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламалары аясында ұйымдастырылды.  

Оған проректорлар, декандар, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, оқытушылар қатысты.

БАО директоры Б. Келгембаева, оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің маманы А. Манабаева, ҚазҰУ әдістемелік жұмыс басқармасының басшысы Ж. Сексенбаева баяндама жасады. Олар бұқаралық ашық онлайн-курстардың тарихы, түрлері туралы және осы тұрғыдағы ҚазҰУ-нің тәжірибесі туралы сөз қозғап, келешекте білім алудың нақ осы бір түрі қарыштап дамитынын алға тартты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo