С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да цифрлық еріктілер пулын құру ұсынылды, аталмыш пул сабақтарға арналған оқу материалдарын әзірлеуге көмек көрсетіп, білім беру үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдану бойынша оқыту вебинарларын өткізетін болады.
Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Досым Ерболатұлы «Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» қашықтан оқыту вебинарында университетте білім министрлігінің тапсырмасына сай цифрлық еріктілер пулын құруды ұсынды, аталған пул сабақтарға арналған оқу материалдарын әзірлеуге көмек көрсетіп, білім беру үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдану бойынша оқыту вебинарларын өткізетін болады.
Сондай-ақ, қашықтан оқыту жағдайында білім алушылар мен оқытушыларға психологиялық қолдау көрсету қызметін құру ұсынылды.
Бұл ретте ШҚМУ-дағы психология және коррекциялық педагогика кафедрасының «Мен – сіздің онлайн-дефектологыңызбын» жобасын іске асыру бойынша оң тәжірибесі бар.
Баспасөз қызметі