Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Цифрлық университет» бағдарламасы іске асырылуда

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ағымдағы оқу жылында 2017-2019 жылдарға арналған «Смарт-университет» жобасын енгізу аяқталады.

Цифрландыру университеттің жоғары білім және ғылым саласындағы бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттыруы тиіс.

«Цифрлық университет» бағдарламасына көшу – ШҚМУ-дың «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес қызметінің басым бағыты.

Бүгінде университет сайтында домендік қағидат бойынша бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасы құрылған.

«ШҚМУ-дың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ААЖ)» ақпараттық-бағдарламалық кешені базасында студенттердің бүкіл оқу кезеңіндегі, яғни диплом мен қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі диплом қосымшасын алғанға дейінгі академиялық ілеспесі жүзеге асырылады.

Студенттердің транскрипті әр семестрден соң автоматты режимде «ШҚМУ ААЖ» бағдарламасы арқылы қамтамасыз етіледі. Бағдарлама онлайн режимде мәліметтер базасын ҚР БҒМ Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесіне (ЖБББЖ) таратады. Сондай-ақ, барлық оқу құжат айналымы «ШҚМУ ААЖ» кешенімен іске асыралады.

Осы домендік ұстаным бойынша бухгалтериядағы (1С:Предприятие), кадрлар бөліміндегі (1С-Битрекс), ғылыми кітапханадағы (library.vkgu.kz), қашықтан оқытудағы (edu.vkgu.kz) құжат айналымы жүзеге асырылады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo