С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушылары үшін «CLIL Basics» семинары өтті.
Семинар мақсаты – CLIL «Content and Language Integrated Learning» тәсілі бойынша оқытушылардың кәсіби білімі мен дағдыларын тереңдету.
Семинарды «Тіл әлемі» көптілділік білім беру орталығының басшысы, CLIL әдістемеcі бойынша сертификатталған жаттықтырушы А. Сайлыбаева жүргізді.
Курс тындаушылары үлкен қызығушылық танытты, ұсынылған материалдардың байлығы мен практикалық маңызын атап өтті. BICS, CALP, бағалау, белсенді оқыту, саралап оқыту және жоғары ойлау дағдыларын дамыту тәрізді маңызды негіздемелер талқыға салынды.
«Тіл әлемі» көптілділік білім беру орталығы