Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Дана, дара Абай» әдеби-сазды көрмесі өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасының Жоғары колледж оқу залында колледждің тілдер пәндік циклдік бірлестігі мен кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен оқырмандарды Абайдың өмірімен таныстыру, ақын мұрасын насихаттап, көркем сөйлеуге, шығармашылыққа баулу мақсатында «Дана, дара Абай» әдеби-сазды көрмесі өтті.

Көрме З. Ахметов атындағы №16 орта мектептің 8 «ә» сынып оқушысы Тастемір Кәусардың орындауындағы «Көзімнің қарасы» өлеңімен,  «Ерке сылқым» күйімен ашылды. Көрмеге Жоғары колледж оқытушылары және 1, 2 курс студенттері қатысты.

Қазақ тілінің оқытушысы Ш. Солтанбекованың осы жылдың бас кітабы болып таңдалған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша баяндамасы қызығушылықпен тыңдалды, қатысушылармен Абай шығармашылығы мен өміріне байланысты викторина ойналды.

Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Б. Жүнісова дайындалған ОП9Е тобының студенттері А. Арыслан, Д. Нығметов, Д. Ержанов, Е. Асхатов, Д. Нұрланұлы, А. Сайрановтардың оқыған өлеңдері көрермен көңілінен шықты.

Іс-шарада Ғылыми кітапхананың сектор меңгерушісі Г. Шайкен колледж студенттерін «abai digital» (www.abaivkgu.kz) мобильді қосымшасымен таныстырды. Кітапханашы Ш. Нәбиева Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесіне шолу жасады.  Көрме соңында барлық қатысушылар суретке түсіп, кітапхана ұжымы белсенді қатысушыларға кітаптар сыйлады.                                                      

Ш. Нәбиева, Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo