12 желтоқсанда ШҚМУ-да дайындық бөлімінде оқып жатқан шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдері, оралмандар мен шетел азаматтары үшін әдістемелік апта аясында экскурсия өткізіліп, жоғары оқу орнына түсу жөнінде ақпарат берілді.
Экскурсия бағдарламасы университеттің Криминалистикалық есеп кабинетін, Ғылыми кітапханасын, Кеппешөп кабинетін, Археология және Алтайдың мәдени мұрасы мұражайын, В. Бажанов атындағы табиғат мұражайын және химиялық зертханаларды қамтыды.
Дайындық бөлімінің тыңдаушылары өлкеміздің тарихымен, мәдениетімен танысып, университетке түсу ережелері жайлы сұрақ қойды.
Кәсіптік бағдар беруші Ж. Мұқажанова мен А. Әбілмәжина тыңдаушыларға мамандықтар, оқыту бағыттары және ерекшеліктері жайлы толық ақпарат берді.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы