«Өсу орталығы» дайындық курстарының тыңдаушылары үшін волейбол ойындары, музыкалық байқаулар, флэшмоб және би кеші ұйымдастырылды.
Курста қарқынды оқумен қатар, балалар спортта да өздерін көрсетті.
Волейбол ойынынан кейін университеттің Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенді студенттері музыкалық байқаулардан, флэшмоб және би кешінен тұратын мәдени бағдарлама ұйымдастырды.
Іс-шара балаларда жағымды эмоциялар тудырып, олар университетте оқудан басқа шығармашылықты дамытуға да болатынына көз жеткізді.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы