29 наурызда ШҚМУ-да жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелеріндегі заманауи трендтерді талқылаған онлайн-конференция өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы іс-шараға ғалымдар, мұғалімдер, ҮЕҰ өкілдері, магистранттар, студенттер қатысты.
Тақырыпты талқылауға ШҚМУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры И. Ровнякова, «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Ж. Әубәкірова, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Э. Столярова, универсттет Ардагерлер кеңесінің төрайымы Л. Әубәкірова және Өскемен мен аудандар мектептерінің мұғалімдері белсенді атсалысты.
Конференцияда жастарды рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу, этнопедагогика, білім беру мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Баспасөз қызметі