Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау курсы өтеді

17-20 маусымда Өскеменде Ақпарат және коғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» курсын өткізеді.

Аталмыш іс-шарада облыстың түрлі деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері даярлау және қайта даярлаудан өтеді.

Курс бағдарламасы 40 академиялық сағаттан құрылған. Бағдарламаның негізгі артықшылығы – дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырушы тұлғаларға қажетті теориялық білім берумен қатар, практикалық мүмкіндіктерін арттыру.

Практикалық бағытта көпшілік алдында сөз сөйлеу, көпдеңгейлі тестілеуден өту қатысушылардың мүмкіндіктері мен әлеуеттерін айқындайды. Оқу бағдарламасын толық меңгерген тұлға түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыра алатын, экстремистік идеологияларға қарсы тұра алатын маман ретінде қалыптасады.

Қатысушыларға Қазақстан тарихы мен мәдениеті, саясаттану, дінтану, ислам және православтық христиандықтың негізі, протестанттық және жаңа діни ағымдар, психология сынды пәндерден дәріс беріледі. Сондай-ақ, шешендік өнер бойынша материалдар ұсынылады.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар мен куәліктер табысталады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo