Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Джионсанг ұлттық университетінің делегациясымен (Gyeongsang National University) кездесу өтті

26 қаңтарында ШҚМУ-дың 5 корпусында Джионсанг ұлттық университетініңделегациясымен (Оңт.Корея) кездесу өтті.

Кездесуге Джионсанг ұлттық университетінің халықаралық және сыртқы ынтымақтастықтық бөлімінің деканы, философия ғылымының докторы Ли Донг Кун мырза, халықаралық және сыртқы ынтымақтастық департаментінің директоры Ро Чун Чул мырза, «Шығармашыл Корея» бағдарламасының директоры, тіршілік ғылымдары бөлімі директорының орынбасары Ким Чже Йен мырза, тіршілік ғылымдары бөлімінің доценті Чой Чонг Пьо мырза, халықаралық және сыртқы ынтымақтастық департаментінің бағдарламалық менеджері Мин Эньхуо ханымқатысты.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті атынан стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Мырзалиева А.Б., халықаралық ынтымақтастық және ғылыми жұмыстар департаментінің директоры Сейткан А. С., Пусан ұлттық университетінен келген профессор Санг Мэй Ли,экономика және құқық факультетінің деканы Мухамедиева А. Г., психология,педагогика және мәдениет факультінің деканы Куленова Г. Б., биология кафедрасының меңгерушісі Китапбаев А. А., экология және география кафедрасының меңгерушісі Идришева Ж. К., биология және биотехнология өсімдіктер зертханасы меңгерушісі Алимбеков Е. Х. қатысты.

Кездесу екі университет бойынша ақпараттармен бөлісуден басталды. Корей делегациясы Корей үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылып отырған «Корея 21+» бағдарламасы аясында магистратура және докторантура мүмкіндіктері жайында сөз қозғады.

Екі жақты ұсыныстар мен талқылаулар нәтижесінде ортақ мәмілеге келіп, магистратура, докторантура деңгейінде ШҚМУ мен Джионсанг ұлттық университеті арасында қос дипломдық бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік бар екендігі анықталды. Екі жақ өзара келісімсөздер болашақта келісімшартпен бекітілетініне сенім білдірді.

Осы бағытта жұмыстар әрі қарай жалғаспақ. Сонымен қатар, Ким Чже Йен мырза «Өсімдіктерді селекциялаудың жаңа технологиялары» жайлы ғылыми семинар өткізді.

Халықаралық  ынтымақтастық  бөлімі

Қазақ
× You found a Typo